1546

Астанада шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері өсті

Елордалық әкімдіктің мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың 7 айында шағын және орта бизнес субъектілері 7 пайызға артты, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 55,8 пайызды құрады.

Сала бойынша өсім байқалды: өнеркәсіптік өндіріс 4,2 пайызға артты, бұл машина құрастыру мен металлургияның арқасында болып отыр. Индустриаландыру картасы аясында жобаларды іске асыру шеңберінде елордада 24 кәсіпорын жұмыс істейді.

Инвестиция 7,3 пайыға өсті, ол 1,3 млрд теңгені құрайды. Онымен бірге шетелдік инвестиция көлемі артты, 2016 жылдың сол кезеңінде көрсеткіш 63,1 млн. АҚШ долларын құраған болатын, ал биыл көрсеткіш 139 млн. АҚШ долларына жетті.

Бүгінде елордада 11 мың жаңа жұмыс орны құрылды, олардың 85 пайызы орта және шағын бизнес саласына тиесілі.

Жұмыссыздық деңгейі елордада 4,5 пайызға төмендеді.  

Айта кетейік, кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік және жергілікті бағдарламалардың аясында көрсетіліп жатқан қолдау септігін тигізуде. Атап айтқанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы. Осы бағдарламаның аясында 733 жоба қамтылған, 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылып 8 мың жұмыс орны сақталды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен сауда және қызметтер саласына қолдау білдірілмейтінін ескере келе Астана бизнес субъектілеріне жеңілдікпен несие беру бағдарламасын әзірлеп, бірқатар жергілікті бағдарламаларды іске асыруда.

 Жалпы алғанда жергілікті бағдарламалар бойынша: Астана Бизнес, Astana-ZhasStarT  Astana Retail, Astana Startup 102 жобаға қолдау көрсетілді, жалпы сома - 16,5 млн. АҚШ доллар. Соның нәтижесінде 1000-ға жуық жұмыс орны құрылып, 350 орын сақталды.

2016 жылдың қортындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы аймақтық өнімге қосылған құнының жалпы үлесі 57,4%, өткен жылмен салыстырғанда 11,4% өткен. Аймақтар арасында Астана 1-ші орынды иеленді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109