2749

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО биржасындағы алғашқы сауда-саттыққа бастау берді

Алғашқы сауда-саттық Мемлекет басшысы арнайы орнатылған гонгті ұрғаннан кейін басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Президенті тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дағдарыстан шығуға жол ашып, толық тоқтаған экономиканы жылжытуға мүмкіндік берген 1995-1999 жылдардағы «жылдам» жүргізілген жекешелендіруді еске салды. Сондай-ақ, ел басшылығының алдына жекешелендірудің екінші ауқымды кезеңін өткізу міндетін қойды.

Өз кезегінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов бүгінгі таңда АХҚО-да 88 компания тіркелгенін атап өтті.

«АХҚО биржасындағы алғашқы транзакция басталды. Жақында Қаржы министрлігі еурооблигациялардың дебюттік шығарылымын орналастыруды аяқтады. Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» облигациялары орналастырылған. Біз «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ға соңғы бірнеше ай бойы бірлескен жемісті жұмысымыз үшін алғыс білдіреміз. Бұл транзакцияны табысты аяқтадық. Бүгін Астанада сауда басталды, Лондонда тиісті шаралар жария болды. Менің ойымша, бұл – Қазақстан үшін үлкен қадам», – деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109