3095

Астана әкімдігі қаржыгерлерді ұлттық валютаның 25 жылдығымен құттықтады

Қазақстандықтар Ұлттық валюта теңгені қолдарына алғанда шын мәнінде егемен ел екендігін сезініп қуанды, деді қала әкімінің орынбасары, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Әкімнің орынбасары Асқар Амрин қала әкімдігі атынан астаналықтарды және қаржы саласының қызметкерлерін Ұлттық валюта теңгенің – 25 жылдығымен және Қаржыгерлер күнімен құттықтады.

Құттықтау сөзінде ол қаржы саласы қызметкерлерінің ел экономикасының дамуына қосқан сүбелі үлесі мен маңызды еңбегін атап өтті.

«Бүгінгі таңда қаржы жүйесінде адалдығымен, жауапкершілігімен, біліктілігімен ерекшеленетін, бюджет және салық заңнамасын жақсы білетін жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз қаланы дамытуға бағытталған міндеттерді уақытылы шешуге жәрдемдесуде. Сіздерге зор денсаулық, жақсы көңіл-күй, жемісті еңбек және алға қойылған тапсырмаларды табысты еңсеруді тілеймін»,- деді ол.

Осы орайда ол, қазақстандықтар Ұлттық валюта теңгені қолдарына алғанда шын мәнінде егемен ел екендігін сезініп қуанғанын айтты.

Біздің Ұлттық валютаның 10, 5 және 1 мың теңгелік купюралары үш мәрте ең әдемі деп танылды. Теңге 17 түрлі қорғаумен қорғалған және әлем бойынша жалған түрін жасауға ең қиын валюталардың түрі.

Еске сала кетейік, 1993 жылы 12 қарашада Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы жарлықпен 15 қарашада сағат 8:00-де ұлттық валюта – теңге енгізілді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109