3737

Қаламыздағы аула клубтарына 3,5 мың бала барады

Қазіргі кезде қалада 27 аула клубы жұмыс істейді. Мұнда 133 спорттық секциялар мен шығармашылық үйірме бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Соңғы сегіз жылда қаламызда «Аула клубы» атты әлеуметтік жоба жүзеге асуда. Аула клубтары балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ашылған болатын. Мұндай ұйымды ашумен «Астана жастары» орталығы айналысады.

«Көпбейінді спорттық-мәдени орталықтар ретінде аталмыш клубтар  балалар мен жасөспірімдерге өздерінің бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге көмектесіп, оларға дұрыс тәрбие беру ісінде маңызды рөл атақарады. Аула клубтары балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алып, олардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді», дейді «Астана жастары» орталығының директоры.

Қаламыздағы аула клубтарына 3,5 мың бала барады.

Ақысыз негізде аула клубтарында түрлі балалар тәрбие алады.Олардың қатарында ювенальды полицияның тіркеуінде тұрған жасөспірімдер де бар.

«Біздің клуб екі Әлем чемпионын тәрбиеледі. Киокошункай каратэден өткен Әлем біріншілігі 3-4 қарашада Астанада өткен болатын. Сол жарыста 2 шәкіртіміз чемпион атанды», - деді «Алан», «Ерасыл», «Жас Барыс» аула клубтарының басшысы  Дастан Алдашев.

Елорданың аула клубтарында 76 спорттық секция және 57 шығармашылық бағыттағы үйірмелер бар. Ең танымал үйірмелер мен секциялар - каратэ, дзюдо, бокс, қоян-қолтық ұрыс, бейнелеу өнері, хореография, шахмат, домбыра және күрес.

Оның ішінде «Балауса» және «Бәйтерек» аула клубтарына мүмкіндігі шектеулі адамдар да барады.

27 клубтың 10-ы «Алматы» ауданында, 9-ы «Байқоңыр» ауданында, 4-і  «Есіл» ауданында және 4-і «Сарыарқа» ауданында жұмыс істейді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109