9545

Астанада «Елбасы және мен» фотобайқауы басталды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Елбасы және мен» республикалық фотобайқауының басталғаны туралы жас көшбасшылар форумы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ел Президентімен түскен үздік фото байқауы 14-30 қараша аралығында өтеді. Байқауға қатысушыға мынадай талаптар қойылады: Қазақстан Республикасы Президентімен түскен суретті өзінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшасына #ElbasyJaneMen хэштегімен жариялау, өзінің жарияланымының астына ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитетін @kdms.gov белгілеу; Instagram-дағы ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитетінің @kdms.gov парақшасына, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің парақшасына @kdm.gov.kz, қалалық қоғамдық даму істері басқармасының @qogamdyk_damy_astana парақшасына жазылу.

«Жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуді насихаттау, алдағы уақытта қазақстандық қоғамда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекетті қалыптастырудағы тарихи ролін ауқымды етіп, күшейте түсу», - деді ҚР қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы комитетінің жетекшісі Асхат Оралов.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үш сыйлық санатында бағалы сыйлықтарға ие болады, ал әділқазылар таңдаған ең үздік суреттер «Mega Silk Way» ОСО, Тұңғыш Президент кітапханасы, Хан Шатыр ОСО фотокөрмесіне қойылады. Байқауда ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитетінің парақшасында ең көп лайк жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109