5127

Астананың жас активистері жастар жылын өткізу бойынша Жол картасын талқылады

Жас активистер Жастар жылын белсенді өткізуге шақыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин мен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы комитетінің басшысы Асхат Оралов Astana Hub алаңында жастар ұйымының көшбасшыларымен кездесті.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өзінің таяудағы Жолдауында 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялады. Бұл тұрғыда жас ұрпақ пен отбасы институтын, соның ішінде барлық санаттағы жастарды қолдау шараларының толық кешенінен тұратын әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру арқылы қолдауды ұйымдастырудың жүйелендірілуі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болмақ.

Асхат Оралов өз сөзінде Жастар жылының маңызды екенін айтып өтті. Қазіргі таңда әрбір санаттағы жастар бойынша нақты индикаторы бар Жол картасы әзірленіп жатыр. Аталған құжат мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда кешенді қадамдарды қалыптастыруға бағытталған.

Спикерлер жастар саясаты саласында мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға белсенді түрде қатысуға жиналғандардың барлығын шақырды.

Данияр Есиннің айтуынша, Астанада кәсіпкерлікті дамыту және қоғамға әлеуметтенуді дамыту, оқыту бойынша көптеген бағдарламалардың барын айтты. Олардың әрқайсысы өз әлеуетін сәтті түрде іске асыруға, мемлекетке пайда әкелу үшін жасалған.

Сонымен бірге, спикерлердің ойынша, жастар жылы - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»: бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау және білімнің салтанат құруы туралы мақаласында айтылғандай, барлық базалық принциптерге сәйкес, ашық қоғамның  құрылысына өз үлесін қосу мақсатында қажетті шараларды қабылдау үшін жақсы мүмкіндік екенін түсіну маңызды екенін айтты.

Өз кезегінде жастар ұйымының лидерлері Жастар жылын өткізу бойынша бірнеше нақты идеяларын айтып, жас ұрпақтың әлеуметтік мәселесін шешуге қатысты шаралар ұсынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109