3994

Бақтияр Адамжан мемлекеттік стипендияның лауреаты атанды

«Астана Опера» театрының жетекші солисі, көптеген беделді халықаралық байқаулардың гран-при иегері, танымал қазақстандық балет әртісі Бақтияр Адамжан 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының лауреаты атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Астана Опера» театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мемлекеттік стипендиясы жетекші солиске ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 13 қарашасындағы өкіміне сәйкес мәдениет саласындағы елеулі жетістіктері үшін табыс етілді.

«Астана Операда», шетелдік сахналарда өнер көрсете отырып, мен, ең алдымен, елімді, туған театрымды таныстырамын. Әріптестеріммен бірге қазақстандық өнердің алға басуы үшін жұмсап жатқан барлық күш-жігеріміз мемлекеттік деңгейде бағаланып, қолдау тауып жатқанына алғысым шексіз. Жас болсақ та, біздің жетістіктеріміз үкімет тарапынан мадақталып жатқаны өте қуантарлық жайт. Мұндай қолдау жаңа табыстар үшін мүмкіндік, күш-қуат береді, одан сайын жұмыс жасап, биік белестерді бағындырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізгің келеді», - деді Бақтияр Адамжан.

«Астана Операның» жетекші солисі миландық Ла Скала театрының атақты этуалі «Роберто Болле және оның достары» балеттік шоуына қатысқан тұңғыш қазақстандық әртіс атанды. Ол, сондай-ақ, Р.Петидің атақты «Бозбала мен ажал» балетіндегі Бозбаланың партиясын орындаған. Алғаш рет Рудольф Нуриевті еске алуға арналған гала-концерт аясында, ұлы бишінің жақсы көретін партияларының бірін орындау үшін шақырылып, өнер көрсетті.

Бұдан бөлек, ол – Мәскеудегі Халықаралық балет әртістері мен хореографтар байқауының І сыйлығы мен Нью-Йорктегі VKIBC Халықаралық балет әртістері байқауының Гран-при жүлдесін иеленген тұңғыш қазақстандық әртіс, сондай-ақ Dance Open («Мистер Виртуозность» аталымы) беделді халықаралық балет сыйлығының лауреаты болды.

«Астана Операның» жетекші солисі Бақтияр Адамжан – көптеген марапаттардың иегері. Жоғарыда аталған қызметтік тізімнен бөлек, ол «Дарын» жастар сыйлығы, «Сахнагер» ұлттық сыйлығы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев стипендиясының иегері; Астанадағы III халықаралық балет әртістері байқауы мен Стамбұлда өткен V халықаралық балет әртістері байқауының Бас жүлде иесі атанған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109