4444

Qazaq Geography қоныс тойы мен бес жылдығын атап өтті 

Республиканское общественное объединение Qazaq Geography отпраздновало свою первую круглую дату – пятилетие со дня основания, передает официальный сайт акимата Астаны.

Qazaq Geography республикалық қоғамдық бірлестігі құрылғанына бес жыл толуын атап өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
 Qazaq Geography 2013 жылдың 16 қазанында құрылған болатын. Компания республикада 11 аймақтық кеңсеге ие. Олар география, климат, қоршаған орта, табиғи ресурстар, саяхат, жергілікті тарих, тарихи-мәдени мұра, этнография, биоалуантүрлілік сынды салалар бойынша жұмыс істейді.
2013 жылдан бастап Qazaq Geography қызметкерлері 60-тан астам жобаны жүзеге асырды, 10 экспедиция өткізіп, 13 кітап, буклеттер мен қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі карталарды шығарды.
Айта кетейік, Qazaq Geography мерейтойымен қатар қоныс тойын да тойлайды.
«Ең алдымен жаңа кеңсенің ашылуымен құттықтағым келеді. Біздің еліміз қорғалуға тиісті табиғи ерекшелікке ие. Qazaq Geodraphy-дің ең басты мақсаты - біздің еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалуға қызығушылық танытқан барлық ғалымдарды, түрлі салалардағы мамандар мен жастардың басын қосу. Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" атты мақаласында көрсетілгендей, біз тариx пен ғылымды дәріптеудің орталығына айналып, ел мәдениетінің дамуына үлес қосып келеміз", - деді Qazaq Geography төрағасы Асқар Мамин.
Ғылыми қауымдастықтың жобалары арасында «Астананың интерактивті картасы», "Тұран жолбарыстары" ұзақ мерзімді жобасы, "Қазақстанның көне қалаларының географиясы" интерактивті картасы сынды жобаларды атап өтуге болады. 
Естеріңізге сала кетейік, Qazaq Geography жаңа ғимараты Абай 22 мекенжайында орналасқан. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109