5987

Vine Fest: ең үздік вайнерлер астанаға келеді

17 қарашада Nomad City hall театрының алаңына YouTube және Instagram-дағы қазақстандық сегменттің алдыңғы қатарлы жұлдыздары жиналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астана қоғамдық даму істері басқармасының бастамасы бойынша елордада «VineFest» жастар фестивалі өтеді.
«Төселген қызыл кілем, фотографтар мен софиттердің жарығы блогерлерге арналған «VineFest» астаналық ірі фестивалдің ұмытылмас атмосферасын сол күйінде жеткізеді. Әрбір келген қонақ өздерін шақырылған жұлдыздай сезінеді», - делінген хабарламада.
Шақырылған қонақтардың арасында: Нұрлан Батыров, Kartop.tv, VineFest-2017 жеңімпаздары - T_jokers, Жеңіс Иманғалиев және басқалары бар.

Фестиваль шеңберінде автограф-сессиясы өтеді, онда кез келген адам өзінің кумирінен қолтаңба алып, лотереяда бағын сынай алады. Сонымен қатар қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді. Кеш көптен күткен және ең есте қаларлық оқиға – «Үздік вайнерге» дауыс берудің қорытындысын анықтаумен аяқталады.

Өтетін уақыты: 17 қараша сағат 17:00. Өтетін орны: «Nomad City Hall» комедия театры. Сағат 16:00-де – қызыл кілемнің үстінен танымал вайнерлер мен жұлдыздар шеруі өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109