3511

Ғылыми жұмыстар бойынша республикалық байқаудың қорытындылары белгілі болды

Астанада «Этникалық қоғам және заманауи мемлекет: даму стратегиясы» атты ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумында республикалық ғылыми жобалардың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Ғылыми жобалар қоғамдық келісім моделіне және жалпыұлттық бірлікке арналды. Байқау жас ғалымдарды қолдау мақсатында өткізілді.

Республикалық байқау жыл бойы өткізілді. Бірінші кезең өңірлік деңгейде өтті.

«Республикалық байқауға 21 жоба түсті. Олар 11 облыс пен Астанадан келді. Республикалық қазылар алқасы финалға 10 жобаны таңдап алды. Қатал қарадық. Бірінші кезекте «антиплагиат» тексерілді. Эксперттік комиссия жұмыс жасады», - деп атап өтті Қазақстан Ғылым академиясының ғылыми-сараптамалық кеңес төрағасы Айгүл Сәдуақасова.

«Болашақ» университетінің оқу ісі және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Мұрат Насимов Гран-при иегері атанды.  Жеңімпазға ноутбук және диплом табысталды.

Бірінші орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Рысты Керімбаева еншіледі. «Жастар арасында этносаралық ынтымақтастық нығайту» тақырыбы жобасының авторлары Анна Свинарчкук және Жайлагүл Сағындыққызына екінші орын бұйырды. Батыс Қазақстан облысы инновациялық-технологиялық университетінің тарих ғылымдарының магистрі Қарлығаш Қайралы үшінші орында.

Жүлдегерлер дипломмен, смартфондармен марапатталды. Байқау демеушісі: «Altyn Kyran» қайырымдылық қоры.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109