12171

Шағын және орта бизнеске көмек беретін мемлекеттік бағдарламалар

Кәсіпкерлер елдің әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуде маңызды роль ойнайды: жаңа жұмыс орнын құрады, білікті кадрлар дайындаумен айналысады. Қазіргі таңда елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамтыудың 2017-2021 арналған бағдарламасы» және «Бизнестің жол картасы – 2020» - мемлекеттік бағдарламалары сәтті түрде жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерге өз ісін дамыту міндеті бойынша іске асырудың бірдей шарты жасалуда, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлерді дамыту бөлімінің басшысы Еркін Ескендіров Астанада бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерге арналған қандай мемлекеттік қолдау шаралары барын хабарлады.

Осындай кәсіпкерлерді қолдайтын бағдарламаның бірі - «Бизнестің жол картасы – 2020».

«Бағдарлама ШОБ-ты қолдауға бағытталған, яғни экономика секторындағы өзінің қызметін іске асырады. Аталған бағдарлама бойынша 2,5 миллиард теңге сомасындағы ең көп заем беріледі. Бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады. Бүгінде пайыздық мөлшерлемесі -14 %, оның 8,4 % - кәсіпкер төлейді, 5,6 % - «Даму» қоры атынан әкімдік төлейді. Бағдарлама шеңберінде бірнеше бағыт бар – ол субсидияланған пайыздық мөлшерлеме. Кепілдендірілген, инфрақұрылымы мен өтемақысыз негізде инновациялық бизнес-идеяға берілетін гранттар», - деп хабарлады Е. Ескендіров.

Кепілдендіру барысында кәсіпкердің кепілі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қоры 50 %-дан 85 % дейін кепіл бола алады. Ол көмек шағын және орта кәсіпкерліктің жобасына жетпей тұрған инфрақұрылымды жүргізуде көмектесуімен түйінделеді.    

Сонымен қатар астаналық әкімдік «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бірлесіп 2015 жылдан бері ШОБ дамыту және қосымша қолдау көрсету шеңберінде, астананың экономикасының өсуіне дем беруде кәсіпкерлікті қолдайтын аймақтық бағдарламалар іске асырылуда. Ол экономика секторының негізгі тізіміне енбеген бизнестерге бағытталған – сауда, қызмет көрсету және басқасы. Әрбір бағдарламаның өз шарты бар.

Сондай бағдарламаның бірі – Астананың аймақтық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру. Аталған бағдарлама шеңберіндегі сыйақының пайыздық мөлшерлемесі -  8,5 % кем емес. Бір кәсіпкерге арналған заемның ең көп мөлшерлемесі – 100 млн теңгеге дейін. Аталған бағдарламаға франшиза құқығына ие болғысы келетін кәсіпкерлер де қатыса алады.

Сондай-ақ «Astana - ZhasStarT» жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы бар, бұл 29 жасқа дейінгі бастауыш жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Мұнда сыйақының пайыздық мөлшерлемесі 8,5 % кем емес. Кәсіпкер ала алатын заемның шекті мөлшерлемесі – 20 млн теңгеге дейін.

«Startup» бағдарламасы бастауыш кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Айта кетерлігі, мұнда сала бағыты бойынша шектеулер жоқ, сонымен қоса Қор бағдарламасы шеңберінде жартылай несиемен кепілдендіру қарастырылған. Несиенің пайыздық мөлшері 7,9 % кем емес. Бір кәсіпкерге берілетін заемның максималды сомасы 50 млн теңгеге дейін.

«Astana Service» бағдарламасы шеңберіндегі пайыздық сыйақы мөлшері 8,5 % кем емес. Бір кәсіпкерге берілетін заемның максималды сомасы 150 млн теңгеге дейін. Заемды екінші деңгейлі банктен рәсімдеу барысында, несиелеу бойынша оң шешім алу мақсатында мемлекеттің кепіл болуы ұсынылады, яғни мемлекет өзінің қатысуы арқылы несиенің сомасына қарай 50% кепіл болады. 

«Astana Retail» бағдарламасы да басталды. Мұның пайыздық сыйақы мөлшері 8,5 % кем емес. Бір кәсіпкерге берілетін заемның максималды сомасы 200 млн теңгеге дейін. Бағдарлама ритейл компаниялар мен өнімдерді жеткізушілерді жеңілдікпен несиелеуді ұсынады, яғни бағаның өсіп кетуін болдырмайды. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін 1:1 («Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (1 млрд теңге) және жергілікті бюджеттен (1 млрд теңге) бөлінеді.    

Жұмыспен тұрақты қамтамасыз ету үшін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 арналған бағдарламасы іске асырылуда, ол оқытудан өткен және бастауыш кәсіпкерлерге арналған, халықты шағын несиелендіруге бағытталған.  Астана қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен екінші бағыт іске асырылуда – жаппай кәсіпкерлікті дамыту, ол оқытудан өткен және бастауыш кәсіпкерлерге арналған, халықты шағын несиелеуге бағытталған, мұнда бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландыру лимиті 8 айлық есептік көрсеткішті құрайды. 

Басқарманың мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-қазанында 9555 ШОБ субъектісі тіркелген. Оның ішінде  заңды тұлға – 6024, жеке кәсіпкерлер – 3437, шаруа қожалықтары – 94. 1 қараша 2018 жылдан бастап қолданыстағы ШОБ субъектілері 119 052 бірлікті құрайды және бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда саны  24,4% көбейген.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109