2857

Асқар Омаров: «Президенттің мақаласы қара шаңыраққа апарар жол іспетті»

«Қазақпарат» ХАА бас директоры Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

- Ұлтты қалыптастыру және нығайту - ауыр әрі үздіксіз жұмыс. Бұл қиын процесте мүлт кетуге болмайды. 27 жыл бойы біз Елбасының басшылығымен жас мемлекет құру жолында кездесетін тәуекелдер мен қиындықтарды бастан өткеріп келеміз. 

Аталған қиындықтардың бірі – тарихи-өркениеттік сана. Еуроцентристік тарихи тұжырымдамада, Геродоттан бастап және кеңестік авторлармен аяқталатын концепцияларда біздің ата-бабаларымыз бүлік шығаруға бейім, бей-берекет әрі бақылаусыз және мәдениетсіз орда деп есептелді. Нәтижесінде, бұрын мемлекеттің негізін білдіретін «орда» сөзі кейбір жерлерде тұрақты теріс контекстке ие болды.

Қазақ жерінің ғана емес, басқа мемлекеттердің негізін қалаған Ғұн-Тұран және Түркі өркениеттеріне де тоқталмады. Президенттің мақаласы қара шаңыраққа апаратын жол іспетті. 

Тарихи қателіктердің тұтқынында тұрған тәуелсіз мемлекеттің халқы ұлт бола алмайды. Ұлттық комплекстер күшті ұлттық кодты жасай алмайды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап экономикаға ғана емес, сондай-ақ өркениеттік сана-сезімге де назар аударған Нұрсұлтан Назарбаев мұны жақсы түсінеді. Өйткені тұрақты даму тек заманауи жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар ата-бабалардың керемет тәжірибесіне негізделген ұлттық идеологияны қажет етеді.

Мемлекет басшысы өзінің тарихи "Менін" құру мен жетілдіруіне қатысты нақты жобалар көрсетілген мақаласында біздің өркениеттік сана-сезімімізге нұсқау берді. Өркениеттің негізі болған жерде Тоныкөкте сипатталған күшті мемлекет - “Мәңгілік ел” бар.

Президенттің мақаласы ұсынылған жобаларды жіті түсініп, сапалы орындауды талап етеді. Ең бастысы, мұның барлығын болашақ ұрпақ үшін жасаймыз. Мемлекет бағыт-бағдар беруде. Ол біздің кім болғанымызды және қайда бара жатқанымызды білсін, түсінсін дейді.. 

Құрметтете алатын, таң қалдырып, тіпті қорқыта білетін күшті  қаншама ұлттың болғанын білеміз. Бірақ  бүгін олар тариxтың күліне айналған.

1991 жылы біздің xалқымыз алғаш рет өз мемлекетін (ұлт) құрудың бірегей мүмкіндігіне ие болды. Бұл мүмкіндікті жіберіп, дұрыс жолдан таюымызға құқығымыз жоқ еді.

Болашақ пен ұлттың игілігіне жұмыс істейтін уақыт жетті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109