4814

Астанада қардан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр

Жексенбіге қараған түні Астанадан 23 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қарашаның 24-нен 25-не қарағанда Астанадан қала сыртына қардың 23058 текше метрі шығарылды. Санитарлық тазарту жұмыстарына техниканың 950 бірлігі жұмылдырылды», - деп мәлімдеді «Астана Тазалық» ЖШС-де.

Қала сыртына жеткізілген қардың біраз бөлігі Есіл ауданының аумағынан шығарылған -  9 600 текше метр.

Алматы ауданы 8 837, Сарыарқа ауданы 2 636, Байқоңыр ауданы 1985 текше метр қардан тазарды.  

Қардан тазарту жұмыстары демалыс күндері екендігіне қарамастан Астананың барлық аудандарында тәулік бойы жүргізілуде. Санитарлық шараларға мамандандырылған техниканың барлық бірлігі жұмылдырылған.

Соңғы күндері Астанада құбылмалы ауа райы тұрақтанды. Елордада толассыз қар жауып, екпінді жел соғуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109