3101

Осы аптада қайда баруға болады

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 26 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қаладағы Мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар кестесін ұсынады.

26 қараша – 2 желтоқсан аралығында «Жастар» сарайыда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін  бірнеше жеке көрме жұмыс істейді.

27 қарашада Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сағат 11:00-де «Ер Төстік» халық ертегісі қойылса, сағат 17:00-де «Жастар» сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Азаттық - ұлттың ары, Елбасы - елдің бағы» концерті өтпек.

28 қарашада сағат 11:00-де «Жастар» сарайы көрермен назарына Н. Гернеттің «Волшебная лампа Аладдина» ертегісін ұсынса, сағат 19:00-де «Астана» концерт залында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Кездер-ай» ретро-концерті өтеді.

29 қарашада «Жастар» сарайында сағат 19:00-де Б. Жандарбеков «Томирис – царица сакская» эпикалық драмасы көрсетілсе, сағат 19:00 – де «Астана» концерт залында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы халық әні бөлімінің жеке орындаушылары, «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі және «Шалқыма» халық би ансамблінің «Семей әуендері» концерті ұсынылады. Ал сағат 21:50-де «Астана Арена» стадионында Лига Европа УЕФА топтық кезеңінің аясында «Астана» ФК - «Динамо Киев» ФК (Украина) футбол командалары кездеседі.

30 қарашада «Астана» концерт залында сағат 19:30-да Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.

1-2 желтоқсанда Қуыршақтар театры сағат 12:00 және14:00-де И. Миччидің «Король лев» ертегісін қояды.

1 желтоқсанда «Nomad city hall» концерт залы (Энергия холы) сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Жаңа дәуір – жарқын болашақ!» атты мерекелік концертін ұсынбақ. Сағат 17:00-де елордалықтар «Барыс Арена» КМС 2018-2019 маусымның ҚХЛ чемпионаты аясында «Барыс» ХК – «Автомобилист» ХК командалар арасындағы ойынды тамашалай алады. Сондай-ақ, сағат 17:00-де «Астана» концерт залында «Елімнің жүрегі - Астана» концерті өтеді.

2 желтоқсанда сағат 17:00-де «Астана» концерт залында Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы халық әні бөлімі мен «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының «Жыр әлемі» концерті өтеді. Ал сағат 19:30-да «Қазақстан» ОКЗ-да өнер сүйер қауымға Қайрат Нұртас «Нағыз еркек» концерттік бағдарламасын ұсынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109