Астанада «Тарихи таңдау. Мемлекеттік рәміздер» көрмесі ашылады
Сейсенбі, 27 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Тарихи таңдау. Мемлекеттік рәміздер» көрмесі жұмысын бастайды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Көрме ұлттық валютаның 25 жылдығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заңның 25 жылдығы және Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына арналған.
«Әрбір мерейтой егемендікті бекіту жолындағы нағыз тарихи оқиға іспетті. Көрме ширек ғасыр тарихы бар заманауи Қазақстанның дамуы туралы объективті көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Тарихи таңдау. Мемлекеттік рәміздер» экспозициясының салтанатты ашылуы 27 қарашада өтеді. Көрме 2019 жылдың 27 қаңтарына дейін жұмыс істейді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz