5481

Бақыт Сұлтанов: «Халыққа кедергісіз қызмет көрсету тұрмыстық жемқорлықты жояды»

Астана билігі халыққа қызмет көрсетуде жеке және әкімшілік кедергілерді жою міндетін  сәтті орындауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дүйсенбіде Сарыарқа ауданы әкімдігінің ғимаратында Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен «Мемлекеттік органдардың ашықтығы және қолжетімділігі. «Оpen space» кеңістік технологиясын қолдану» атты семинар-кеңес өтті.

Семинар-жиынды ашқан Бақыт Сұлтанов қазіргі таңда әкімдіктің азаматтармен өзара қарым қатынасы «клиенттерге бағыттылық», қызметтерді алудың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидасына құрылғанын атап өтті. 10 айдағы қорытындыларға сәйкес Астанада мемқызметтің 67 % электронды форматта көрсетілгендігі осыған дәлел бола алады.

«Әкімдік жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуде заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу ерекше рөл атқарады. Олар билік пен азаматтардың коммуникациясын барынша қарапайым етіп, оның аясын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Осы ретте халықпен өзара әрекеттесу кезіндегі әкімдіктің  табандылығы мен ымырасыздығы ең алдымен Мемлекет басшысының саяси еркімен, бастамаларымен, сондай-ақ, қоғамның қолдауымен түсіндіріледі», - деді Бақыт Сұлтанов. 

«10 айдың қорытындысы бойынша «Астана – адалдық алаңы» жобасының жұмысы азаматтарға қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуда нақты көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді», - деп жалғастырды ол. 

«Жұмыстар әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім саласында жүргізілді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында да бұған өзінің оң бағасын берген болатын. Жобалық менеджменттің әдістерін қолдану ресурстарды аз көлемде пайдалану арқылы қойылған міндеттерге қол жеткізуде өзінің тиімділігін көрсетті. Басты міндет – халыққа қызмет көрсету барысында жеке және әкімшілік кедергілерді жою. Бүгінгі таңда азаматтар үшін ыңғайлы жағдай жасау мен меммекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету өте маңызды», - деді Астана әкімі. 

Сондай-ақ, Б. Сұлтанов Астана әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арасындағы ынтымақтастық «тұрмыстық жемқорлықты түбірімен жоюда өз нәтижесін беретініне», Астананың тек Қазақстанға ғана емес, шет елдерге де үлгі болатынына өз сенімін білдірді.

Семинар-кеңесте қоғамдық бақылау мен мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған «Астана – адалдық алаңы» жобасының шеңберінде әзірленген жаңашылдықтар таныстырылды.

Астана әкімдігі мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірлескен «Астана – адалдық алаңы» жобасы осы жылдың ақпан айынан бастап іске асырылып жатыр. Ол тұрмыстық жемқорлықты түбірімен жоюға, меморгандар қызметінің ашықтығын, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109