3275

Әлемнің жетекші неонатологы Астанадағы әріптестеріне шеберлік сабағын өткізді

20-23 қараша аралығында Астанадағы перинаталды орталықтардың неонатолог мамандарына әлемдегі ең танымал неонатологтардың бірі Израильдің неонатология саласындағы жетекші маманы Мики Осовски шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

«Аз салмақпен туған нәрестелерді күтудің тиімді технологиялары» тақырыбындағы шеберлік сағаты неонатология және акушерлік қызмет көрсету саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын жетілдіруге бірегей мүмкіндік берді.

«Менің басты мақсатым – адамдарға балалардың өлім санына емес, ауру-сырқауына назар аудару маңызды екенін жеткізу. Өлім-жітім тақырыбы тым асқынған. Менің ойымша, елдегі ауру-сырқауды азайту үшін білім, тәжірибе және технология қажет. Мен шынымен де біздің жұмысымыздың алға басарына үміттімін. Әр дәрігермен жеке байланыста боламын », – деді баспасөз мәслихатында М. Осовски.

Мұндай маманды шақырту ана мен бала мәселесінің астаналық медұйымдар қызметінің басым бағыты екендігін, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының кең ауқымды халықаралық қатынас орнатуы маңызды екендігін көрсетеді.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, 9 айда елордада 259 әйел ерте босанған.

Жалпы алғанда, жергілікті бюджеттен біліктілікті арттыруға 390 млн теңге бөлінген. Басқарма әзірлеген адами капиталдың дамуы туралы тұжырымдамада медицинаның барлық саласының дамуы қарастырылған. Акушерлік қызметтер, шағын инвазия, хирургия мен төтенше жағдай бөлімдерінің жұмысын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді.

«Жыл басынан 5 мыңнан астам медицина қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Біздің әріптестеріміз хирургия, урология, эндоскопия, жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек көрсету сияқты салаларда біліктіліктерін арттырды. Сондай-ақ, акушер-дәрігерлердің тәжірибесін арттыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды», – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала бөлімінің меңгерушісі Сәуле Мұқышева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109