2701

Астаналық студенттер арасында нашақорлықтың алдын алу шаралары қолға алынды

Мәжілісте жастардың химиялық заттарға тәуелділігіне қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада университеттердің жастар ісі комитеттері өкілдерінің қатысуымен «Химиялық заттарға тәуелділік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мәжіліске қатысушылар жастардың химиялық заттарға тәуелділігі, қазіргі заманғы дамудың тенденциясы, есірткі заттарының трансформациялануы мен жаһандануы сияқты өзекті мәселелерді қозғады. Сондай-ақ, есірткі салдары мен емдеу әдістері талқыланып, ресми статистика келтірілді.

«Іс-шара мақсаты – әлеуметтік жағынан қорғалмаған жастарды қолдау, оларды әлеуметтік ортаға тарту, өмірлік қиын жағдайға тап болған жастардың жұмысқа еңбекпен қамтылуына жәрдемдесу, жазасын өтеп келген жастарды жаңа өмірге бейімдеу және нашақорлықтың алдын алу», - делінген «Астана жастары» орталығының хабарламасында.

Ресурстық орталық салауатты өмір салты мен спортты насихаттау аясында есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен, басқа да мүдделі құрылымдармен бірлесіп, Астана студенттерінің арасында түрлі флешмобтар мен акцияларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109