3288

Әкімдіктерді цифрландыру: Сарыарқа ауданының тұрғындарына қандай қызметтер көрсетіледі

Астана қаласының әкімі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының Front office жобасын ашты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Сарыарқа» ауданының фронт-кеңсесі «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында ашылды. Жоба жергілікті тұрғындар үшін мемлекеттік органдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Енді Сарыарқа ауданының тұрғындары әкімдік ұсынған барлық қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша бір жерден ала алады. Фронт-кеңседе 12 оператор-кеңесші бар, олар 177 жағдаяттық көрсеткіш бойынша шешім қабылдап, тұрғындарға кеңес береді. Бұдан басқа, кеңседе Қоршаған ортаны қорғау департаменті, қаланы қалпына келтіру басқармасы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «7-20-25» ипотекалық несиелендіру бағдарламасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы және «Азаматтарға арналған үкімет» мамандарынан кеңес алуға болады», – деп көрсетілген Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Фронт кеңсенің маңызды ерекшелігі  инвестициялық жобалар мен шағын және орта бизнеске қолдау көрсету.

«Бұл біздің әкімдіктің мемлекеттік аппаратының трансформациялануына, тұрғындарға жоғарғы деңгейде қызмет көрсетуге жасалған үлкен қадам», – деп атап көрсетті Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109