Елорда әкімі өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ел экономикасына тарту шараларының жоспарын бекітті
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордада өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ел экономикасына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту және рәсімдеу бойынша 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспарын бекітті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында айқындаған сапалы жұмыспен қамту және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында бекітілген жоспардың негізгі мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың нақты кірісін анықтау, оларға салықты төлету, сонымен қатар, олардың әлеуметтік, зейнеткерлік жүйеге қатысуын қамтамасыз ету мәселесін пысықтау, өзін жұмыспен қамтыған азаматтарды өнімді жұмыспен қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына тарту болып табылады.
"Жоспардағы мақсаттарды жүзеге асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің жанында Өңірлік штаб құрылып, өз жұмысын бастады”,- деп мәлімдеді елорда әкімдігінде.
Бүгінгі таңда электронды түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге болады. Ол үшін электрондық үкімет порталы арқылы алынған ЭЦҚ болса, жеткілікті.
Жеке кәсіпкерлікті, сондай ақ, мемлекеттік кірістер органында және тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-да тіркеуге болады.
Қызметіңізді заңдастыруға қатысты қосымша ақпаратты мына телефон арқылы біле аласыз: + 7 (7172) 39-53-34.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz