«Жас ұлан» қозғалысының лидерлері зиялылармен кездесті
Тұңғыш Президент күні қарсанында Оқушылар сарайында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Жас Ұлан» республикалық қозғалысының лидерлерімен Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Сағымбай Жұмағұлов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали кездесті.
Сарапшылар Елбасы Жолдауы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айқындалған міндеттер туралы айтып берді.
«Елдің дамуы жастардың қолында. Алдарында қандай мақсаттардың тұрғанын өздерің білесіңдер. Ата-бабаларымыз өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қашанда зор көңіл бөлген. Олар мейірімді, қамқор болуға, құрмет көрсетуге үйрететін. Біз өз халқымыздың төл мәдениеті мен рухани құндылықтарын қашанда дәріптеуіміз керек», - деді филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұлов.
Кездесуге Астана қаласы білім басқармасы мұрындық болды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz