6534

Астана әкімі Тұңғыш Президент күні туылған балаларды құттықтады

Жас аналарға гүл шоқтары, серуенге арналған арба мен нәрестелерге арналған бұйымдар сыйға тартыл, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов № 2 қалалық көпбейінді ауруханадағы Тұңғыш Президент күні дүние есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарын құттықтады.

«Балаларыңыз лайықты азамат болып өсіп, барлығымызды қуанта берсін. Олар ерекше күні дүниеге келді –  Тұңғыш Президент күні. Олардың бәрі де болашақта Отанымыздың атын шығаратын азаматтар болсын», - деп құттықтады жас аналарды Бақыт Сұлтанов. 

1 желтоқсанда таңертең № 2 қалалық көпбейінді ауруханада алты бала дүние есігін ашты. Олардың үшеуі – ұл, үшеуі – қыз. Жаңа туған сәбилердің де, аналардың да жағдайлары қалыпты.

Мерекелік акция барысында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров, бас дәрігер Иван Ли Астана әкіміне екі емдеу мекемесінің арасын дағы диагностикалық орталықтың қабылдау бөлімін ашуға қатысты жобаны таныстырды.

 «Бұл халықаралық стандарттарға сай қабылдау бөлімін ашу үшін жасалып жатыр. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына қарамасытан науқасты  бір емханадан екіншісіне еш кедергісіз тасымалдауға үшін екі емхана арасында «әуе» өтпелі жасалатын болады. Қазір бұл жоба әзірлену үстінде. Осындай орталықтарды ашуға қатысты халықаралық тәжірибені зерттей келе, аталған жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров. 

Осы жылдың күзінде № 2 қалалық көпбейінді аурухана № 1 перинаталды орталықпен біріктірілген болатын. № 2 қалалық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Иван Ли медициналық орталықтарды біріктірудің оң нәтижесін атап өтті. 

«Қала әкімдігінің қаулысымен алғаш рет соңғы екі айда біз көпбейінді аурухана мен перзентхананы біріктіріп көрдік. Бірден жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Екі ай ішінде біз күрделі патологиясы бар 20 шақты әйелді емдедік», - деп бөлісті Иван Ли. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында белгілі болғандай, бүгін мерекелік акция Астананың барлық перинаталды орталықтарында өтіп жатыр.

Жас аналарға гүл сыйлап, серуенге арналған арба мен отандық кәсіпкерлер шығарған нәрестеге қажетті бұйымдар тарту етілді. Жиынтықтың құрамына кіретін заттар: жұмсақ түкті көрпе, жаялық, жейде, бас киім, киім-кешек, ыдыс. Астананың 20 жылдығына орай жаңа туған балалардың барлығына жиынтық үлестіріледі. Аталмыш акция жыл соңына дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109