4112

Қоғам белсенділеріне мерейтойлық медальдар табысталды

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында елорда әкімдігінде «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдарын тапсыру рәсімі өтті деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Медальдерді салтанатты шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыстады.

«Биыл өткізілген шараларымыздың барлығы елордамыздың 20 жылдығын мерекелеуге арналды. Елбасының ерен еңбегі мен салиқалы саясатының арқасында бүгін Астананы барша әлем таниды. Бас қаламыздың 20 жылда жеткен жетістіктеріне сіздің де қосқан үлесіңіз зор. Қала әкімінің атынан еңбегіңіз, елорданың дамуына, оның қоғамдық өміріне белсене атсалысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін», - деді Ермек Аманшаев.

Осылайша, елорданың дамуына қосқан зор үлесі, қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайтуға атсалысқаны, 20 жылдыққа орай өткізілген іс-шараларға белсене араласұаны үшін «Астана 20 жыл» медалімен зиялы қауым өкілдері журналист Кенже Жұмағұлов пен ақын Жанат Айтмұхаметова, Астана қаласы ҚХА қоғамдарының жетекшілігі «Хазар» әзірбайжан қоғамының төрағасы Видади Агаев пен «Колхети» грузин қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрағасы Елгуджа Апхазава, сондай-ақ Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109