4158

Бала күнінде Мемлекет басшысының батасын алған жас өрен «Елбасы және мен» байқауының жеңімпазы атанды

Байқаудың бас жүлдесі IPhone X Алматыға жол тартады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада «Елбасы және мен» атты фотоконкурстың қорытындысы шығарылды. Әлеуметтік желілердегі дауыс беру қорытындысы бойынша үздік фотосуреттің иесі деп Бауыржан Исабаев танылды. 

Бауыржан Алматы қаласында тұратындықтан марапаттау рәсіміне қатыса алмады. Марапат оның әпкесі Гүлмира Исабаеваға табысталды. Ол фотосурет тарихымен де бөлісті. 

«Сурет 2006 жылы Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен Алматы облысының Қарасай ауданындағы Наурызбай батыр ескерткішінің ашылуында түсірілген. Біздің баламыз Президентті көріп: «Ата!» - деп айқайлады. Мемлекет басшысы оған жақындап, батасын берді. Бұл - біздің отбасымыз үшін тарихи күн. Қазір інім өте табысты, отбасының мақтанышы, оқуда үздік әрі спортпен шұғылданады. Біз оған үлкен үміт артамыз», - дейді Гүлмира Исабаева.

Қоғамдық даму министрлігі Жастар саясаты департаменті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов аталмыш байқаудың осынша танымалдыққа ие болатынын күтпегенін айтты. 

«Екі апта ішінде әлеуметтік желілерде бес жүзден астам фотосурет жарияланды. Бүгінгі галереяға Мемлекет басшысымен түскен 50 үздік фотосурет қойылған. Жеңімпаздар әлеуметтік желілер арқылы таңдалды», - деді А. Оралов.

Конкурстың қорытындысы бойынша, Азамат Бекберген мен Асхат Налшыбек екінші, Айгүл Бөкетова, Ғазиз Құлынтай және Ақылбек Данабек үшінші жүлдені өзара бөлісті.

Қазылар алқасы таңдаған ең таңдаулы фотосуреттер Mega Silk Way ОССО, Тұңғыш Президент кітапханасы және «Хан Шатыр» сауда орталығындағы көрмеге қойылады.

Әлеуметтік желілердегі #elbasyjanemen хэштегі 500-ден астам пост жарияланса, байқауға жүзден астам адам қатысты.

 

Байқауды Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы ісі жөніндегі комитеті Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109