1931

Электрондық коммерция - бизнесті дамытуға жаңаша ынталандыру

Бизнес-орта құру және электрондық сауданы дамытуды ынталандыру мақсатында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексінің шеңберінде электрондық сауда саласында алынатын кірістерді корпоративтік және жеке табыс салықтарынан 0% -ға дейін босату бөлігінде жалпыға ортақ белгіленген тәртіпте заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін преференциялар күшіне енді, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты ҰЭМ Сауда қызметін реттеу департаментінің ақпаратына сілтеме жасап.

Бұл ретте жаңа Салық кодексінде тауарлармен электрондық сауда түсінігі айқындалған:

біріншіден, тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

екіншіден, тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

үшіншіден, тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты орналасқан жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.

Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Салықтық есептілікті тапсыруды жеңілдету үшін кәсіпкерлердің электрондық сауда саласындағы әкімшілік шығындарын азайту мақсатында салықтық жеңілдіктердің автоматтандырылған тәртібін енгізу үшін НҚА әзірленеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлемдердегі комиссияны едәуір төмендету үшін лездік мобильді төлемнің жаңа жүйесін құруда, сөйтіп,бизнесті онлайн режимде жүргізудің тартымдылығына жағдай жасалады.

«Атамекен» ҰКП электрондық сауда саласында кәсіпкерлік субъектілерінің құзыретін арттыру үшін «Бизнесті ойнлайн шығару»бизнесті жүргізуді сервистік қолдау арқылы базалық цифрлық дағдыларыноқыту көзделген.

«Казпошта» АҚ кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру мақсатында E-commerce орталықтары базасында «толық дайын» онлайн-дүкендерін құру бойынша қызметтер көрсетілетін болады, осылайша бизнесті оффлайн режимнен онлайн режимге ауыстыру үшін, интернетте бизнесті жүргізу дағдыларын үйрету және оны сүйемелдеу, сондай-ақ аутсорсинг, логистика негізінде көрсетілетін қызметтерді сүйемелдеу, интернет дүкендердің сайттарын үлгілеуде техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ете отырып, жүйелік платформаларда оңтайлы шешімді таңдауда кеңес беруде жағдайлар жасалады.

Сонымен бірге бұл норма 2022 жылға қарай электронды сауда менонымен байланысты салаларда шамамен 200 мың жаңа жұмыс орнын құру үшін, жаңа интернет-дүкендерін ашу, онлайн-тапсырыстардың санын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Бұл норманы қолдану 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109