3148

Сарыарқа ауданының әкімі ҚР Тұңғыш Президенті күнінде туылған сәбилерді құттықтады

Астананың № 3 перинаталдық орталығында мерекелік түні 8 нәресте дүниеге келді. Олардың төртеуі – ұл, төртеуі – қыз, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сәбилердің аналарын Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек құттықтады. Бұл күні қуаныш иелеріне гүл шоқтары, серуенге арналған арбалар мен нәрестеге қажетті бұйымдар сыйға тартылды.

«Сіздердің балаларыңыз дүние есігін еліміз үшін өте маңызды күні ашты. Бұл – ҚР Тұңғыш Президенті күні. Бүгін республикамыздың түкпір-түкпірінде осы мереке аталып өтуде. Бірақ сіздер үшін оның ерекше мәні бар. Сіздерге және бөбектеріңізге денсаулық тілеймін! Еліміздің елеулі азаматтары болсын», - деп тілегін білдірді ол.

Өз кезегінде № 3 перинаталдық орталықтың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы екендігін жеткізді.

«Біз биыл балаларға арналған жан сақтау бөлімі заманауи қондырғымен жабдықталды. Осының арқасында бізде бала өлімі көрсеткіші төмен. Бес жылдың ішінде біздің перзентханада ана өлімі мүле тіркелген жоқ. Менің ұжымым қолынан келгеннің бәрін жасауға тырысады, біз үйренуден ешқашан жалықпаймыз, жұмыс істейміз», - деді ол.

Аналар аудан әкімі мен дәрігерлерге өз алғысын білдірді. Олардың көбісі тұңғыш баласының дүниеге келуін атап өтуде.

«Біз ұлымыздың есімін әлі қойған жоқпыз. Оған есімді әжеміз береді. Ұлымыз – оның тұңғыш немересі. Сыйлақтар бізге ұнады. Бәрі де бала күтіміне қажетті заттар. Жеңіл арба серуен үшін өте ыңғайлы», - деді жас ана Айдана Каликова.

Екі қыздың анасы Хади Цурова сәбиді осындай маңызды күнде дүниеге әкелемін деп ойламапты. 

«Бүгін біздің үшінші қызымыз дүниеге келді. Есімін әлі қойған жоқпыз. Бізді әкімнің құттықтағаны күтпеген жағдай болды. Пайдалы сыйлықтар үшін рахмет», - деді ол.

Перинаталды орталықтардың мәліметіне қарағанда, сағат 12:00-дегі жағдайға сәйкес ҚР Тұңғыш Президенті күні дүниеге 26 сәби келген. Олардың 10-ы – ұл, 16-сы – қыз. «Болжам бойынша бүгін Астанада 86 нәресте туады», - деп мәлімдеді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109