9183

Бақыт Сұлтанов өз саласының үздіктерін марапаттады

Астана әкімі Тұңғыш Президент күні мейрамын мерекелеу аясында өз саласында үздік атанған қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

«Бүгін Астанада қуатты зияткерлік ядро топтастырылған. Кез келген табысты мемлекеттің дамуы оның азаматтарының жеке қасиеттеріне байланысты. Астананың әр тұрғыны өзінше ерекше», - деді салтанатты кеште Бақыт Сұлтанов.

Қаланың дамуына зор үлес қосқан астаналықтар марапатталды.

Үздік педагог № 32 «Балдәурен» балабақшасының әдіскері болып Салтанат Дүйсенбенова танылды. № 3 перинаталды орталықтың акушер-гинекологы Гүлшат Серікбаева – ең үздік медицина қызметкері, № 1 автопарк қызметкері Есім Сәттібек – үздік жүргізуші, «Астана – Тазалық» ЖШС бас директорының орынбасары Марат Сүлейменов – үздік коммуналдық қызметкер атанды.

Сонымен қатар, үздік энергетик болып «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұпархан Харханбай танылса, ІІД Арнайы дайындық басқармасының бастығы Серік Қажықұлов – полицияның үздік қызметкері, № 10 «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру қызметінің аға өрт сөндірушісі Сағидолла Бекентаев – үздік өрт сөндіруші, Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ бөлімшесінің құтқарушысы Жалғас Данай – үздік құтқарушы, Гүлжан Сембаева  үздік әлеуметтік қызметкер атанды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109