Кәсіпкерлерге арналған ашық есік күні өтті
Бүгін «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында тұрғындарға шағын және орта кәсіпті қолдау жұмыстарын түсіндіру бойынша ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Ашық есік күні аясында қала тұрғындарына, шағын және орта кәсіп ұйымдарының өкілдеріне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау аймақтық «1000 орын – көше саудасы» және «Коммерциялық орындарды жалға беру» жобасы бойынша түсіндіру жұмысы өтті.
Шарада Астана әкімдігінің Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Тұрғын үй инспекциясы басқармасы өкілдері және екінші деңгейлі банк өкілдері, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өкілдері қатысты.
«Бүгінгі ұйымдастырылып отырған ашық есік күні біз үшін де және кәсіпкерлер үшін де бағдарламаны түсіндіруге тиімді болды. Осы күнге дейін без жүзден астам, ал осы жариялаған конкурста жүзден астам участок бар. Ары қарай да осы жұмыс жалғасатын болады. Қазіргі таңда қала тұрғындарына мыңнан астам жұмыс ұсынуда және қала бюджетіне үлкен қаржы түсуде», – деп атап өтті «1000 орын – көше саудасы» жоба жетекшісі Сәкен Әділбеков.
Шараны ұйымдастырушы Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz