Үкібай Нұрпейісов: Елбасымыздың мақаласы мемлекеттік брендингті қалыптастыруға серпін береді
«Астана жастары» орталығының басшысы Үкібай Нұрпейісов Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты өз пікрін білдірді.
Әрбір ел өзін-өзі тани келе: Біз адамзат тариыхының дамуына қандай үлес қостық? Біз әлемдік мәдениет пен ғылымға не бердік? деген сияқты сұрақтарды қояды.
Мұндай сұрақтардың қазақ жастарын да мазалайтыны рас.
Осы ретте Президентіміздің мақаласы – уақытында жарық көрген құжат. Мақала әрбір қазақ баласын өз ата-бабаларының тарихына объективті түрде зер салып, фактілерді мифтардан айырып, мемлекетінің тарихын мақтан тұтуға шақырады.
Елбасы өз мақаласында тарихымызда орын алған тек бізге ғана тән жеті тарихи фактіні айқындап берді. Ұлы дала тарихын әлемге паш ету үшін алдымызға нақты міндеттерді қойды. Бұлар тек тарихымызды танып қана қоймай, мемлекетіміздің халықаралық кеңістіктегі мемлекеттік брендингін қалыптастыруға да тың серпін береді.
Елорда жастары Президентіміздің мақаласында көрсетілген Ұлы даланың жеті қырын мақтан тұтып, тарихымызды танытуға өз үлесін қосатын болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz