4351

Елорданың ең сұлуы аруы таңдалады

12 желтоқсанда Nomad City Hall-да «Астана аруы» байқауының жеңімпазы анықталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өзінің 20 жылдығын «Астана аруы» байқауы финалға өткен 20 қатысушы бас кейіпкер атанған презентациялық күнтізбемен атап өтпек.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, байқау бағдарламасында жаңа жобалар бар.

«20 жылдыққа орай мәңгілік құндылықтар тақырыбындағы арнайы жоба әзірленді. Бұл – салт-дәстүрлер мен отбасы құндылықтарының сақтаушысы Ұлы дала әйелдері туралы әңгімелер топтамасы. Биыл байқаудың қатысушылары бізге аңызға айналған әйелдер туралы әсерлі, драмалық хикаяларды баяндайды. Отбасы оқиғаларының топтамасы жаңа буынды еліміздің ұлттық руханияты мен мәдени мұрасын сақтауға, сыйлауға шақырып, көрерменге қызықты болатыны сөзсіз», - «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада.

Бұдан бөлек, «Астана аруы» атағынан үміттілер дәстүрге айналған «Сұлулық мейірімділікте» акциясына, басқа да әлеуметтік, қайырымдылық және спорттық шараларға қатысады деп күтілуде.

«Астана аруы» «Қазақстан аруы» елдегі басты сұлулық байқауына іріктеу кезеңі болып табылады.

Шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.                              

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109