1527

Астаналық кәсіпкер жаңа экологиялық қоқыс контейнерін әзірлеуді ұсынды

Бүгін халықпен есептік кездесу барысында Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрова инвестиция тарту, инновацияны дамыту, кәсіпкерлікті қолдау туралы талқылады, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 

Астаналық кәсіпкердің бірі жаңа экологиялық таза қоқыс контейнерін жасап шығаруды ұсынды. 

"Біз жаңа қоқыс контейнерін ұсынамыз. Көбісі қазір ашық-шашық жатыр әрі ескі. Жел тұрғанда ауаны ластағанымен қоймай, ауланы да қоқысқа толтырады. Қазір бел ортасына дейін жер астына орналасқан жаңа контейнерлер бар, кейбір жерде BI Group пайдаланып та жатыр. Біз қақпағы жабық, өрт қауіпсіздігі жоқ жаңасын жасап шықтық. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін бізге екі миллиондай теңге қажет", - деді "Қазақстан инновациялық технологиялар институты" ЖШС маманы Қайрат Әшімов. 

Малика Бектұрова кәсіпкерді қолдап, жыл сайын қала әкімдігі өткізетін грантқа қатысуын ұсынды. 

"Сіз 3 миллионға дейін қайтарымсыз негізде грант алу үшін құжат тапсыра аласыз. Биыл конкурс мамыр айында өткізіледі", - деді М.Бектұрова. 

Бастауыш кәсіпкерлер үшін грант жылына бір рет республикалық бюджеттен бөлінеді. Конкурсты әкімдік өткізіп, жеңімпазды анықтайды. "Даму" кәсіпкерлік қоры" АҚ конкурсқа қатысу үшін бизнес-план жасауға көмектесіп, кеңес береді. Астана әкімдігі конкурсқа өтініштерді қабылдауды алдын ала хабарлайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109