6054

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жеңімпаздар анықталды

Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық орталығында мемлекеттік гранттар беру байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша гранттық қаражаттарды ұсыну бойынша жобаларды іріктеу 30 қарашада аяқталды. Биыл байқау алғаш рет жаңа форматта өткізілді. Жобаларды тыңдау барлық үміткерлердің қатысуымен ашық форматта өтті. Дауыс беру процесі толығымен автоматтандырылып, комиссия мүшелері онлайн режимінде гаджеттің көмегімен үміткерлерге балл қойды. Сөйлеу уақытының ұзақтығы - 3 минут, ал 1 минут сұрақтар мен жауаптар үшін белгіленді.

«Жобаларды тыңдау Астана Hub IT-стартаптар халықаралық орталығында 5 күн бойы өтті. Жалпы білім беру, денсаулық сақтау, жеңіл өнеркәсіп секілді салалар бойынша кәсіпкерлерден барлығы 280 өтініш келіп түсті. Жобалар жаңалықты бизнес-идеялар, бәсекеге қабілеттілік пен жобаның жүзеге асуға дайындығы бойынша бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша 24 кәсіпкер мемлекеттік гранттарға ие болды. Олар жобаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бюджеттен 3 млн теңге қаражат алады», – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бекмырзаев.

Аталмыш байқау жыл сайын өткізілетін болады. Алдағы уақытта қатысушылармен қатар жеңімпаздардың санын екі есе көбейту жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109