Әлихан және Медина – Астанада жаңа туылған нәрестелерге ең көп қойылған есім
Қаңтар-қазан айларында Қазақстан астанасында 27 998 бала жарық дүниеге келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астананың АХАТ статистикасы бойынша жаңадан туылған нәрестелер арасында ең танымал есім – Әлихан мен Медина болған. Осы жылы 289 баланы Әлихан деп атаса, 387 қызды – Медина деп атаған.
Ең кең тараған есімдердің ондығына ұл балалар арасында Әмір, Әли, Айсұлтан, Арлан, Алан, Санжар, Алдияр, Ерасыл және Мансұр кіреді.
Қыздар арасында Айзере, Айлин, Әмина, Айша, Раяна, Айару, Аяла, Сафия және Аиша есімдері көбірек қойылыпты.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz