4110

ҮЕҰ: Басым бағыт - әлеуметтік жобалар

Астана қаласы әкімдігінде үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңестің отырысы өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда қалалық үкіметтік емес ұйымдар барлық салада белсенді. ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының негізгі бағыты қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешу болып қала береді. 

«Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру болып табылады. Жобалардың тізбесі мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын, халықаралық тәжірибені, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың тікелей қабылдаған ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Е.Аманшаев сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар жобалардың саны мен мемлекеттік әлеуметтік қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Биыл Астана әкімдігі 43 жобаны жүзеге асырды.
«Ережеге сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қалыптастыру стратегиялық құжаттар, ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде ғана емес, сонымен қатар халықтың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар ҮЕҰ және белсенді азаматтардың талқылауы мақсатында жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тақырыптарын Интернет-ресурстарға орналастыруға міндетті. Сондай-ақ, әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды тиімді іске асыру үшін мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді», - деді қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.
Кездесу барысында Ермек Аманшаев ерекше назар аударатын мәселелерді атап өтті. Бұл: жалдамалы еңбек саласындағы жұмысшылардың құқықтарын сақтау, міндетті медициналық сақтандыру бойынша халық арасында ақпараттық насихат жұмыс жүргізу, ҮЕҰ-ның қаладағы білім беру мекемелерімен бірлесіп әрекет ету жүйесін жетілдіру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109