5441

Астанада отбасы құндылығы туралы үздік билбордтың нобайын таңдады

«Ең жас суретші» аталымы бойынша «Астана және менің отбасым» атты суретімен Мақсат Мансұр жеңіске жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Отбасы құндылығын насихаттаудағы үздік билборд» байқауын жыл сайын «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен қоғамдық даму істері басқармасы отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды, қоғамдық институттың маңызды базасы ретінде отбасы институтының маңызын жоғарылату мақсатында өткізеді. Осы жылы оған аула клубтары да қатысты. 

«Ең бастысы – бұл отбасы. Балалардың суреті арқылы үйінде жағдайдың қандай екенін көреміз. Бізге балалар арасында қандай мәселенің кеңінен таралғаны, оның шешілу жолдарын білу керек. Бұл жай ғана суреттер емес. Балалардың кейбір жұмысын осы мәселені шешсін деп писхологтарға береміз. Осы жылы жарысқа аз қамтылған және толық емес отбасының балалары қатысты», - деді «Қазақстан әйелдері» қауымдастығының президенті Гүлнәр Байымбетова.

Байқауға ұлттық және отбасылық дәстүрді сақтап, бала тәрбиелеп отырған, балаларға үйлесімді қолайлы жағдай жасап отырған, баланың интеллектуалдық, физикалық дамуына, еңбекқор, белсенді өмір салтын үйретіп отырған отбасылар қатысты. 

Қатысуға 150 бала өтініш берді. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Байқауда «Туған жер» суретімен Жансұлу Нұрмағамбетова (1орын), «Үлкен үйде қонақ күтіп отырмыз» суретімен Назерке Рахметова (2 орын), «Анамның аялы алақаны» суретімен Гаухар Дипназирова (3 орын) жеңімпаз атанды. Сондай-ақ «Астана қаласы және менің отбасым» суретімен ең жас суретші Мансұр Мақсат та жүлдеге ие болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109