7420

Астана әкімдігі цифрлық басқаруға көшті

Отырыстарда есептер қатаң түрде қаланы басқарудың цифрланған панеліне сәйкес тыңдалады. Басқарудың басты мәселелері: стратегиялық KPIs, елорданы дамыту жобалары, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау, қаланың жүйелі түйткілдері – толықтай цифрланып, Астана қаласы әкімдігінің басшылығы тарапынан онлайн мониторинг жүргізіледі.

Қала дамуы мен қалалық сервистердің стратегиялық KPIs үш деңгейлі жүйеге бағынады. Әрбір көрсеткіш әкімнің жетекшілік етуші орынбасары мен басқарма басшысына бекітілген. Бұрын тиімділік көрсеткіштері жылына бір рет бағаланып, мәліметтерді жинап, есептеу көп жұмысты қажет ететін болса, қазір олар автоматты түрде саналады, ақпарат Статистика мен Жоба кеңсесінен алынады. Әрбір басшы жетістікке жету прогресін көріп, нәтижеге жетпей қалатындай қауіп болса, тиісті шара қабылдай алады.

2016 жылы елорда әкімдігі жобалық тәсілді енгізуді бастады. Бүгінде жобалар жиынтығында 580-нен астам даму жобалары бар. Олар құрылысты, әлеуметтік жобаларды және басқаларын қамтиды. Барлық жобалар цифрланған және әкімдік сайтында онлайн түрінде қолжетімді: http://www.astana.gov.kz/ru/project-office. Әкімдіктің жоба кеңсесі iKOMEK қалалық мониторинг орталығында ашылды.

Әкімдіктің iKOMEK бірыңғай байланыс орталығы жұмыс жасаған 11 ай ішінде азаматтардан 860 мыңнан астам өтініш қабылданды, олардың орындалуы Қаланы басқару панелі арқылы онлайн түрде бақыланады. Азаматтар өтініштері негізінде BIG DATA технологиясы қолданыла отырып, «Қаланың жүйелі түйткілдерінің рейтингісі» жасақталды. Талдау үлгісіне өтініштер мен жағдаяттардың қайталануы, резонанстығы және өтініштегі мәселенің күрделілігі арқау болды.

“Шағымдар көлемін азайтып, тұрғындардың әкімдік жұмысына көңілі толуын арттыру үшін жүйелі түйткілдерді шешуге назар аудару керек» - деді әкім Бақыт Сұлтанов.

Цифрландыруды енгізудің арқасында әкімдік жұмысын бақылау жүйеленді және қала басшылығына онлайн түрінде қолжетімді болды. Бұдан былай әкімдіктің апта сайынғы отырыстары қатаң түрде қаланы басқарудың цифрландырылған панелі бойынша өтеді.

Келесі жылы барлық мәліметтерді қала тұрғындарына қолжетімді ету жоспарда бар.

Енді тұрғындардан келіп түсетін бірде бір өтініш назардан тыс қалмайды. Қаланың барлық жүйелі мәселелері мен елорданың дамуы қатаң бақылауда болады!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109