1927

«Сарыарқа» ауданының І инвестициялық форумында 11 құжатқа қол қойылды

Іс-шара бизнесмендерге ауданның басымдық беретін қай тұсына инвестиция салуға және қаланың өзімен бүтіндей танысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Форумға қатысушылар үшін инвестиция алаңындағы қолданыста бар, оның ішінде 100-ден астам жер учаскесінің базалық мәліметі, құрылысы бітпей қалған нысандар, инвестиция салымы қажет жобалар ұсынылды. 300-ге тарта форумға қатысушылар ішінде Франция, Германия, Түркия, Канада, Қытай, Ресей, Белоруссия, Украина, Әзірбайжан және де отандық кәсіпкерлер де бар.

Іс-шараның қорытындысы бойынша келіссөздер барысында 30 млрд теңге шамасында 11 құжатқа қол қойылды (бұл доллармен шаққанда 100 млн-ға жуық).

Айталық, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты мен неміс Marcel Boschung AG арасындағы әріптестік туралы меморандум жол метеостанциясына ноу-хау енгізуге мүмкіндік береді.

Қар еріту құрал-жабдығы өндірісі саласындағы әріптестік бойынша және Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты ММ, TrecanCombustion (Канада), «ANTMachinery» ЖШС арасында қар еріту бойынша МЖК жобасы меморандумына қол қойылды. Ал жаяу жүргіншілер бульвары құрылысы бойынша: әріптестік Сарыарқа ауданы әкімі аппараты, «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ және «CITY BOX» ЖШС арасында өзара түсініспеншілік туралы меморандум мен әріптестікке қол жеткізілді. Футбол алаңы құрылысын салуға Сарыарқа ауданы әкімі аппараты мен DUOL (Словения) компаниясы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Инновациялық даму шеңберінде:

– 5G бойынша пилотты жоба: Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты ММ мен «Инновациялық технология паркі» автономды кластерлік қоры, «Ұлттық технология және байланыс зерттеу институты» АҚ (РФ) арасындағы әріптестік туралы меморандум;

– жасыл желекті отырғызудың мелиорациялық кешенін басқарудағы инновациялық технологияны енгізу бойынша: Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты ММ мен «Smart Irrigation» ЖШС арасындағы әріптестік туралы меморандум.

«ҚР Президентінің бас әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру барысында Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты мен Астана медицина университетінің студенттер жатақханасының құрылысын салу туралы әріптестік меморандумына қол қойылды. 

Сонымен қатар, ритейл саласын дамыту мақсатында Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты мен «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ және «Гастрономиялық рынок» құрылысы бойынша «Keruen Global» ЖШС компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109