Литвалық кардиохирург Бенетис елордалық дәрігерлерге шеберлік сабағын өткізді
Бүгін № 2 көпбейінді қалалық ауруханада белгілі кардиохирург, Еуропадағы жетекші маман Римантас Бенетис «Қолқа түбіріне жасалатын қазіргі заманғы хирургия мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сабағын бастады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Екі күнге жалғасатын шеберлік сабағын әлемдік деңгейдегі жетекші маман-сарапшылардың қатысуымен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастыруда. Осы шеберлік сабағы аясында 4 пациентке операция жасалады. Оның екеуі – Астана қаласының тұрғыны, ал қалған екеуі – Түркістан облысының тұрғындары.
Шеберлік сабақтары астаналық кардиохирург дәрігерлер, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі ауруханалардың кардиохирургия бөлімдерінің меңгерушілері және олардың өзбекстандық әріптестері үшін ұйымдастырылды.
Бірінші күні дәріс оқумен қатар профессор операциялық блокта онлайн режимде клапансақтаушы операция және Freestyle биологиялық түбірімен қолқа клапанын протездеуді жүргізді. Тыңдаушылар операцияларды экранынан нақты уақыт режимінде көре алды.
«Мен әріптестеріммен кездескен сайын осындай операцияларға сұраныс жоғары екендігін сезінемін. Біз қолқа түбіріне жасалатын барлық операция түрін емес, пациентке ең тиімді түрін көрсетеміз. Бұл – жас дәрігерлер, медицина саласының оқытушылары, сырқат жан үшін ең ұтымды жол», деді профессор Римантас Бенетис.
Кардихирург, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының қан тамыр хирургиясының меңгерушісі Жеңіс Қозыбаев іс-шараға өзінің жоғары бағасына берді.
«Шетелдік әріптестермен әрқашан байланыста болуымыз керек. Жалпы мұндай операциялар Астанада президенттік ауруханада да жасалады. президент ауруханасында. Дегенмен кей тұстарын білмей қалуымыз мүмкін. Осындай Еуропаның мықты дәрігері Римантас Бенетис жүргізетін шеберлік сабағының тиер пайдасы мол», - деді Ж. Қозыбаев.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz