1670

5G және жол метеостанциясы: Сарыарқа ауданында өткен инвестициялық форумнан кейін Астанада не пайда болмақ?

Астанада Сарыарқа ауданының І инвестициялық форумы болып өтті. Кездесуге 300-ден астам қатысушы келді, атап айтқанда Франция, Германия, Түркия, Канада, Қытай, Ресей, Белоруссия, Украина, Әзірбайжан және де отандық кәсіпкерлер де қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында инвестициялық алаңдар таныстырылды, оның ішінде 100-ден астам жер учаскелерінің мәліметтері де бар. Форумның қорытындысы бойынша 11 құжатқа қол қойылды. 

Бекітілген меморандумға сәйкес, қалада таяу уақытта жол метеостанциясы пайда болмақ. "Ақылды жол" жобасын  енгізумен неміс фирмасы айналысады. Қалада 10-ға жуық станция орнатылады. 

"Тұрғындар жол төсенішінің жағдайын емін-еркін бақылай  алады. Станция жердің температурасын біліп отыруға мүмкіндік береді. Егер қалыпты болса жауынды күндері жұмыс істеуге болады. Сол себепті ақылды жолды енгізу бюджетті үнемдеуге септігін тигізеді", - деді Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек.

Одан басқа, аталмыш технология жолды жедел түрде тазалап шыға алады.

"Станциялар жолды жылтыратып тегістеу жүйесімен тартылады. Көпірлерде, жолдарда мұз қатқан жағдайда жүйе іске қосылады да, барлық көшенің бойына реагентті сеуіп шығады", - дейді А. Тұрлыбек.

Тағы бір ноу-хау 5G технологиясын енгізу болмақ. 

"Барлық болашақ инновациялық технологиялар 5G форматына жинақталады. Бүгінгі меморандум инвесторларға түптің түбінде енгізілетін технологияның моделін сынақтан өткізіп көруіне мүмкіндік береді", - дейді А. Тұрлыбек. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сарыарқа ауданының 1-ші инвестициялық форумы барысында жалпы сомасы 30 млрд теңге көлемінде 11 құжатқа қол қойылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109