Кәсіпкерлерге ШОБ қолдау туралы бағдарламаны түсіндіреді
10 мамырда «Fortebank» АҚ бөлімінде шағын және орта бизнесті қолдау шараларын түсіндіру бойынша ашық есік күні өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астаналық кәсіпкерлерге кеңесті берушілер мыналар: мемлекеттік кірістер департаменті, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы, АҚ АФ «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ, Астана қаласының кәсіпкерлік палатасы, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсе, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ.
Сондай-ақ, келушілер салық заңнамасы, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік онлайн қызмет алу т.б. сұрақтар бойынша кеңес ала алады.
Ашық есік күні 10 мамырда сағат күндізгі екіден кешкі алтыға дейін «Fortebank» АҚ банкінің бөлімінде Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО өтеді.
Толық ақпарат алу үшін Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөліміне 55-69-10, 55-69-16, 55-69-95 телефоны арқылы хабарласа аласыз.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz