1496

Астана тұрғындарына кәсіпкерлік қызмет туралы кеңестер берілді

Бүгін «Fortebank» АҚ банк бөлімінде шағын және орта бизнесті қолдау шараларын түсіндіру жұмыстары бойынша ашық есік күні болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық кәсіпкерлерге кеңесті мемлекеттік кірістер департаменті, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы, АҚ АФ «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ, Астана қаласының кәсіпкерлік палатасы, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсе, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ өкілдері берді.  

Сондай-ақ, келушілер салық заңнамасы, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру туралы және мемлекеттік онлайн қызмет алу т.б. сұрақтар бойынша кеңестер алып қайтты.

«Бізге негізінен жеке кәсіпкерлікті тіркеу мәселесі бойынша, арнайы режимді таңдау жөнінде, тіркеу мерзімі, салық есебін тапсыру, кассалық аппаратты тіркеу, қандай мерзімге дейін салықты төлеу керектігі және тағы басқа да өзекті мәселелермен келіп жүгінді», – деді Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасы бөлімінің басшысы Мадина Қалиева. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109