2597

Астанада халықаралық «қысқаметражды кино» күні өтеді

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және алдағы Жастар жылына арнап ресейлік кинематографтар түсірген үздік қысқаметражды фильмдердің тегін көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қысқаметражды фильмдердің фестивалі 15-16 желтоқсан күндері «Москва» бизнес орталығындағы PlatformA алаңында өтеді. Кіру тегін.

Ұйымдастырушы «Москва» бизнес орталығы, ARTtop, project room PlatformA шығармашылық бірлестігі, Астанадағы Ресейлік ғылым және мәдениет орталығы, Vosmerka.kz кино сайты және Ресей кинематографистер одағының Жастар орталығы, орыс мәдени орталығының және құқық иеленушілердің ұлттық қоры, Canon компаниясының қолдауымен өтуде.

«Қысқаметражды кино күні» халықаралық акциясы 2011 жылдан бастап Франция елінің Ұлттық кинематография, анимация орталығының бастамасымен 15 елде аталып өтуде. Қысқа метражды кино әр түрлі алаңдарда: кинотеатрларда, барларда, театрларда көрсетеді. Қазақстан бұл акция алғаш рет қатысып отыр», - деді project room PlatformA кураторы, өнертанушы Айгүл Ибраева.

Айгүл Ибраеваның айтуынша, қысқаметражды киноның атаулы күні нақты бір күнге байланбаған. Жылда ең қысқа күн қай күн болса, сол атаулы мереке болып кете береді. 2018 жылы ең қысқа күн 22 желтоқсан, бірақ әлем бойынша акция 15 желтоқсанда басталады.

«Біз бұл акцияны Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнау үшін ертерек бастадық», - деп түсіндірді куратор.

Бағдарлама бойынша бірнеше тақырыптық блокка бөлінген: «Отбасылық кино», «Балалар анимациясы», «Қысқа метрдегі жұлдыздар», «Фестивальдық хит. Бәріне қарсылық білдірген біреу», «Шығармалар».

Көптеген фильмдерде танымал актерлер: Сергей Шакуров, Даниил Спиваковский, Ирина Пегова, Михаил Трухин, Сергей Бурунов түскен.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109