3347

Ресей мен Қазақстанның жастар ұйымдары ынтымақтастықты кеңейтеді

Жастар ұйымдарының тәжірибелік іс-әрекеттерімен танысу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанаға Ресейдің түрлі қалаларындағы жастар ұйымдарының өкілдерінен құралған делегация келді. Сапардың мақсаты – тәжірибе алмасу және Қазақстандағы жастар ұйымдарының қызметімен танысу.

Екі күндік жұмыс барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының түрлі институттарының ресурстық орталықтары мен республикалық ұйымдардың басшыларымен ресми кездесулер өткізілді.

«Біз әріптестерімізді жобаларымызбен таныстырған соң олармен пікір алмастық. Сапар пайдалы ақпаратқа толы болды деген үміттемін. Біз әрдайым жаңа таныстықтар мен тәжірибе алмасуға дайынбыз. Ресейлік әріптестермен кездесу ұйымдастырғаны үшін «Молодежь» ғылыми-зерттеу орталығына ерекше алғысымызды білдіреміз», – деді «Астана жастары» орталығының директоры Үкібай Нұрпейісов.

Жастар ұйымдарының тәжірибелік іс-әрекеттерімен танысу мақсатында «Бурабай» курорттық аймағында түрлі көшпелі іс-шаралар өткізілді.

Шараны Мәскеудегі «Молодежь» ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен ресейлік ЖОО-лардың белсенді студенттері ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109