3522

Жыл басынан бері iKomek-ке 900 мыңға жуық өтініш келіп түсті

109 қызметіне азаматтар көбіне қоғамдық көлік, үлестік құрылыс, үйлерді сүру жұмыстарына қатысты сұрақтарды түсірген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында белгілі болғандай, қаңтар-қарашада әкімдіктің Бірыңғай iKomek байланыс орталығына 897 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, оның 99 пайызы өңделді.  

Күн сайын орталықта 2 мыңға жуық өтініштер өңделіп жатады.

 «Азаматтар көбіне 109 қызметіне қоғамдық көлік, үлестік құрылыс, үйлерді бұзу/сүру, салынған ғимараттың сапасы жайында, кәріз, құдықтар мен ашық қалған қақпа, көшені жарықтандыру, су басу, жол инфрақұрылымы және денсаулық сақтау салаларына қатысты сұрақтарды түсіреді», - делінген хабарламада.

iKomek орталығы Facebook (facebook.com/astana109), Instagram (instagram.com/astana109), Telegram (https://t.me/astana109112) әлеуметтік желілері арқылы қоғаммен тығыз байланыста. Тұрақты түрде барлық өзекті ақпараттарды жедел түрде/режимде жоспарлы және апатты өшірулер, мектепте сабақтың кейінге қалдырылуы, жолдардың ашылуы не жабылуы туралы әкімдіктің ресми сайтында (astana.gov.kz) және желідегі орталықтың ресми парақшаларында жариялап отырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109