2626

Елордада қазақтың ұлттық аспаптарының халықаралық фестиваль-байқауы өтіп жатыр

Шараға Қазақстан өңірлері мен Армения, Қырғызстан және Қытай сияқты елдердің өнерпаздары қатысуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақтың  ұлттық аспаптарының халықаралық «Capolavoro di dombra 2018» фестиваль-байқауы елордада алғаш рет өткізіліп отыр. Оның басты мақсаты – қазақтың ұлттық аспаптары мен халық әндерін сақтау, насихаттау.

Жеңімпаздар «Аспаптық жанр», «Халық әндері» сияқты екі номинацияда анықталады.  

«Мен Ақкөл қаласынан келдім. Екінші сыныптан бері домбырада ойнаймын. Атам мен әжем менің домбырада ойнауды үйренгенімді армандайтын. Бұған дейін де мен көптеген халықаралық, республикалық конкурстарға қатысқан болатынмын. Италиядағы байқауда мен бірінші орынға ие болдым. Осында да жеңімпаз атанғым келеді», - дейді байқауға қатысушы Анель Қадырова.  

Шараны ҚР Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық өнер, мәдениет, білім беру және спорт салаларының таланттарын қолдау қоры» ҚБ ұйымдастырды.  

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109