1820

Астанада айына екі мыңнан астам кәсіпорын ашады

Бүгін қала әкімдігіндебірінші жартыжылдықтағы негізгі әлеуметтік экономикалық қорытынды шығарылды. Мәселен, тек алғашқы алты айда 5,2 % инвестиция тартылған, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда өсім бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін қаланың саясаты жеке кәсіпкерлікті қолдауға және инвестициялар тартуға бағытталған және осы бағыт жақсы нәтижелер көрсетуде. Мысалы, жыл басынан бері 443,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Өткен жылмен салыстырғанда 5,2 % өскен. Шағын және орта бизнес саласында жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 10,7% - ға артып, 106,5 мыңға жетті», - деді Ә.Исекешев.

Шағын және орта бизнесті белсенді қолдаудың арқасында ай сайын Астана қаласында шамамен 2200 жаңа шағын және орта бизнес субъектілері ашылады. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында олардан бюджетке шамамен 188 млрд теңге салықтық түсімдер түскен.

Экономика секторында 11 046 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,5% - ға артық.

«Жалпы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарланған нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша жұмыс жалғасады», - деп қорытындылады Ә. Исекешев.

Сонымен қатар, өнеркәсіпте 2,3%-ға (285,9 млрд теңге), өңдеу өнеркәсібінде -2,6 пайызға өсім бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109