5888

Қала әкімі Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан  үлесі үшін қоғам белсенділерін марапаттады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.          

Салтанатты кеште Бақыт Сұлтанов жиналғандарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, еліміздің, қаламыздың дамуына, гүлденуіне елеулі үлес қосып, талмай адал қызмет етіп жүрген азаматтарға алғысын айтты.   

«Осы залда қаланың дамуына еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері, ардагерлер, дәрігерлер мен депутаттар, бизнес өкілдері және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері отыр. Барлығымызды біріктіретін күш Астанаға, мамандығымызға, өз ісімізге деген сүйіспеншілік. Сіздердің арқаларыңызда біздің қала дамып, гүлденуде», - деді Бақыт Сұлтанов.

«Мемлекеттік марапатқа ие болу ол сол адамның өз саласында биік жетістікке жетіп, өз ісіне адалдық пен еңбекқорлық және одан да биік белестерді бағындыруға құлшынысының көрінісі»,- деп жалғастырды әкім.

«Сіздерге зор денсаулық, сәттілік, амандық, тұрақтылық, өркендеу және еліміздің игілігі үшін жемісті қызмет тілеймін», деп атап өтті Б. Сұлтанов.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте, қаланың әлеуметтік экономикалық, мәдени саласының дамуына еңбек сіңірген азаматтар «Парасат», «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды.

Одан бөлек, қала әкімі «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалін, сондай-ақ «Құрмет» грамоталарын табыстады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109