2246

Кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті қолдау шаралары түсіндіріледі

20 шілдеде сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Сарайшық көшесі, 5а, ВП1 мекен-жайы бойынша орналасқан «Цеснабанк» АҚ аумағында шағын және орта бизнесті қолдау шараларын түсіндіруге бағытталған ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне мемлекеттік қызмет қолжетімділігін және Астанада бизнес климатты жақсарту үшін Астана қаласы әкімдігімен екінші деңгейдегі банктер аумағында бизнеске кеңес беру бойынша іс-шаралар кестесі әзірленген. Кәсіпкерлерге салық заңңамасы, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру және онлайн мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңес берілетін болады.

Аталған іс-шараға Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаменті, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы, АҚ АФ «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ, Астана қаласының кәсіпкерлік палатасы, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсе, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қатысады.

Толық ақпарат алу үшін Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөліміне 55-69-10, 55-69-16, 55-69-95 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109