6235

Астанада «Жайдарман» көңілді тапқырлар ойынының кубогы өтті

Фестивальдің қорытындысы бойынша, шымкенттік «Байдың балалары» командасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлады елордалық әкімдіктің ресми сайты.

«Жайдарманның» жоғары лигасына еліміздің әр аймағынан көңілді әрі тапқыр бес команда қатысты. Жас және шығармашыл өрендер Астана көрермендері үшін жарқын әрі ұмытылмас қойылымдарды ұсынды. Ойын үш кезеңнен тұрды: сәлемдесу, ширату және үй тапсырмасы. 
Қазылар алқасының құрамында бұрынғы ойыншылар Нұрдәулет Шертім мен Еркебұлан Мырзабек, тележүргізуші Дана Нұржігіт, сатирик Әмірбек Көпенжәне «Жас Отан» Жастар қанатының жауапты хатшысы Дәулет Кәрібек бар. «Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2019 жылды жастар жылы депжариялады. Біздің министрлік жас таланттарды паш етуге қолдау көрсетеді. Келер жылы да Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Жайдарман» жобасын қолдайды. Бұл жоба миллионнан астам көрермендерді біріктіріп, халықаралық брендке айналды. Бұл кеш Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіліп отыр. Барлық командаларға сәттілік тілеймін», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және әлеуметтік-саяси жұмыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Қуат Борашев өз сөзінде. 

Ойынның қорытындысы бойынша, бірінші және екінші орынды Шымкенттің «Байдың балалары» және «ОҚМПУ құрамасы» командалары, үшінші орынды Ақтөбеден «Фемида» командасы алды. «Үздік ойыншы» атағын «Фемида» командасының мүшесі Есет Мырзағалиев иеленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109