2043

Астаналық кәсіпкерлерге мемқолдау шаралары бойынша кеңес берілді

Астанада шағын және орта бизнесті қолдау шараларын түсіндіру бойынша ашық есік күні өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астанада бизнес-климатты жақсарту үшін және шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қызметтің қолжетімді болуы үшін Астана қаласы әкімдігі екінші деңгейлі банктердің аумағында бизнес үшін кеңес өткізетін іс-шаралардың кестесін әзірледі. 

Кәсіпкерлерге салық заңы мен мемлекеттік қолдаудың шаралары туралы, әлеуметтік сақтандыру және де мемлекеттік қызметті онлайн түрде қалай алатыны түсіндірілді. 

Кәсіпкер Замир Болысбек кездесуге мемлекеттік ұйыммен, екінші деңгейлі банкпен, шағын және орта бизнеспен әріптес болуға ұсыныспен келді. Оның жобасының идеясы мынада, кәсіпкерлерді бір клубқа біріктіріп, сол клубта идея алмасып, әріптес болып, бір бірі үшін пайдалы әрі жаңа идеялар тудырып, өзінің де бизнесін дамытуға болады. 

«Клуб – бұл кәсіпкерлер мен іскер адамдардың мүдделерін біріктіретін қауымдастық. Бұл кездесу, нетворкинг, мастер-класс, тығыз араласатын адамдар өз мәселесін шешіп, пайдалы кеңестер алады, біздің бағдарламада бірлесіп жүгіру, кәсіпорын мүшелерінің клубқа келуі де кіреді. Біз осылайша өзіміздің ары қарай дамуымызды байланысты күшейтуден, Қазақстан бойынша кәсіпкерлермен байланысудан көріп тұрмыз», – дейді Замир Болысбек.   

Қазіргі таңда жоба іске қосылған және тегін жұмыс істеп жатыр. Оның перспективасы – университет, бизнес-мектептер мен әріптесіп, оған қатысушылар оқудан өтуіне, өзінің біліктілігін өзін қызықтыратын сол бағытта жоғарылатуына болады. Одан басқа, кәсіпкер Business Network International (BNI) – халықаралық әлем бойынша бизнес-клуб желісінің франшизасын алуға үміттеніп отыр. 

Шараға мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, Жұмыспен қамту орталығы мен әлеуметтік бағдарлама, Астана қалалық Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ, Астана қ. «Бірыңғай зейнетақы жинақ қоры» АҚ филиалы, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, «Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ және «Астана» ӘКК» АҚ қатысты. 

«Бұл кестеге сәйкес екінші деңгейлі банктердің аумағындағы 4-ші кездесу. Біздің ойымызша бұл кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы, олар банкке қызмет алу үшін жүгіне алады, сол мезет мемлекеттік бағдарлама туралы да ақпарат ала алады», – деді Астана қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы Айжан Айтжан. 

Маманның мәліметінше, кездесу жылдың соңына дейін екінші деңгейлі банктерде ай сайын өткізіліп тұратын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109